Мерген    Өміріңізде орын алатын елеулі өзгерістер салдарынан өзіңіздің алған бағытыңыздан жаңылып қалу қаупі бар. Сол кезде болуы мүмкін хаостық жағдайларда эмоцияға ерік бермей, барынша сабырлы болуға және ақылмен ойлануға тырысыңыз. Жеке басыңызды әртүрлі оқиғалар мен өзгерістер күтіп тұр. Бірақ байбалам салмаңыз, сабыр сақтаңыз. Бұл сіздің алдағы жарқын өміріңізге септігін тигізетіні сөзсіз. Сіз түбегейлі өзгересіз, сондай-ақ ақыры айналаңыздағы болып жатқан өзгерістердің себебін ақырындап түсіне бастайсыз. Шілде айында сізді үлкен бақытқа кенелу мүмкіндігі күтіп тұр. Сіз өзіңізге жаңа қызығушылықтар таба бастайсыз. Өмірге деген құштарлығыңыз қайта ашылып, үлкен беделге ие болуыңыз да әбден мүмкін. Алдағы жылы Айдың әсерінен сіздің махаббатта жолыңыз міндетті түрде болады. Қаңтар мен шілде айларының аралығында қаржылық мәселеңіз оң шешімін табады. Шілде айының соңынан қыркүйектің ортасына дейін сүйіктіңізбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз, шетелдерге шығып демалып қайтсаңыз да әбден болады. Ал некеге тұрамын деп шешсеңіз, онда сізге мамыр мен тамыз айлары оңтайлы келеді.

Теги других блогов: сабыр өзгерістер Мерген